Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да екі тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды

ШҚО-да екі тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Офицерлер марапатты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің қолынан алды.Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ринат Икласов есірткі зертханасын сәтті жойғаны және қазіргі заманның басты зұлым күшнің бірі – есірткі қылмысына қарсы күреске қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.

Ринат Икласов аймақта есірткінің таралуына жол бермей, есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын қылмыстық топтарды анықтауға және олардың кәсібін жоюға бағытталған операцияларды ұйымдастыру мен жүргізуде жоғары кәсібилік көрсетті.

ШҚО ПД Күршім ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Керебаев қарда қалған ветеринар дәрігерге көрсеткен ерен ерлігі үшін марапатталды.

Сол күні кешке полицияға досы көрші ауылға кеткеннен кейін 4 сағаттан артық байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен. Ал аймақта қарлы боран соғып, күніне бір метрден астам қар түскен болатын.

Руслан Керебаев бірден іздеуге шығып, көп ұзамай қар үйіндісінен шыға алмаған ер адамды тапқан. Бірлескен күш-жігермен олар бірнеше сағаттан кейін ғана қар құрсауынан шыққан.

Полиция департаментінде ерлік сабағы өткізіліп, онда әріптестер марапатталған қызметкерлердің жетістіктерін атап өтті. Іс-шара патриотизм атмосферасын сыйлап, полицейлер өз жұмысындағы кәсібилік пен батылдықтың маңыздылығына назар аудара отырып, өз ойларымен бөлісті.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Серік Манапов жас әріптестеріне қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етудегі қызметінде оларды өзін-өзі дамытуға және елге қызмет етудегі борышын абыроймен атқару қажет екенін еске салды. Ол мұндай мысалдар жас буынға патриоттық тәрбие беруде жақсы дәстүр екенін атап өтіп, жас қызметкерлердің еңбегіне жеміс пен табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру