ШҚО-да елік пен жабайы қабанды атқан браконьерлер анықталды
ШҚО-да елік пен жабайы қабанды атқан браконьерлер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жабайы аңдарды атумен айналысқан браконьерлерді ұстау бойынша кең ауқымды іс-шаралар өткізді.
Осы мақсатта өңірде тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы мобильді топтар құрылды. Нәтижесінде, бір мезгілде үш ауданда тәртіп сақшылары браконьерлікке қатысы бар бірнеше топты ұстады. Құқық бұзушылар тегіс ұңғылы және мылтық қару қолданған, олардың арасында тіркелмегендері де бар.
Бесқарағай ауданында 29-42 жас аралығындағы төрт ер адам ұсталды.
Олардың көлігінің салонынан төрт елік ұшасы, «Сайга» және «ИЖ» маркалы екі мылтық, пышақтар, дүрбілер және 7,62 және 12 калибрлі көптеген патрондар табылды.
Сонымен бірге Тарбағатай ауданында тіркелмеген мылтықпен жабайы қабанды атып өлтірген, 53 жастағы тұрғын ұсталды. Жануарлардың қалдықтары мен мылтықтардан басқа, ер адамнан көптеген патрондар тәркіленді.
Үшінші жағдайда Бородулиха ауданында заңсыз аң аулағаны үшін 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олардан екі елік ұшасы, қарда жүру көлік құралы, «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрілер мен пышақтар бар.
– Күдіктілерге қатысты аталған барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді ҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.