Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам балаларына 400 мың теңге қарыз болған

ШҚО-да ер адам балаларына 400 мың теңге қарыз болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алименттерді төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

2021 жылы алимент төлемегені үшін тәртіп сақшылары алимент бойынша қарызын төлемей, сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 300-ден астам азаматты анықтады.

Аягөз қалалық ПБ көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының өз балаларын асырап-бағуға алимент төлемей жүрген 47 жастағы борышкерге іздеу жариялау туралы қаулысы келіп түсті.

– Іздестіру іс-шаралары барысында Аягөз АПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері 24 сағат ішінде іздеу ісін ашпастан алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтың жүрген жерін анықтаған. Белгілі болғандай, ер адам бір жылдан астам уақыттан бері өзінің төрт баласын асырауға алимент төлемей, қарызы 400 мың теңгеге жеткен. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау) және ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-анасын, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден жалтару) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру