Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам бәлішке телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болды

ШҚО-да ер адам бәлішке телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Колонияға тыйым салынған заттарды заңсыз алып өту жағдайлары аз емес. Тыйым салынған заттарды сотталғандардың «қамқор» туыстары мен достары әртүрлі заттарға ең күрделі жолмен жасырады.

Жақында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері ерекше «толтыруды» әшкерледі. Жеке заттар мен азық-түлікті тексеру барысында бисквит тортында жасырылған SIM-карталардың жұбы бар ұялы телефон табылды.

– Колония қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өтпеу туралы үнемі ескертіп отырса да, тыйым салынған затты алып өтуге бел буған. Әкелген заттарды тексеру кезінде кәмпиттер, шұжықтар және өзге де өнімдер ұсақ кесектерге кесіледі. Осылайша ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері режимдік мекемелердің аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу үшін әрбір сәлемдеменің мазмұнын тексереді, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының м.а. Қанат Зиянов.

Тыйым салынған заттарды режимдік аумаққа беруге әрекет ету фактісі бойынша Өскемен қаласының 43 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру