ШҚО-да ер адам ерекше тәртіптегі мекемеге ішімдік, ойын карталары мен смартфон кіргізбек болды
ШҚО-да ер адам ерекше тәртіптегі мекемеге ішімдік, ойын карталары мен смартфон кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының 50 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды түрменің қоршауы арқылы ерекше тәртіптегі мекемеге мекеменің қоршауы арқылы ішіне лақтыруға тырысты.
– Ерекше тәртіптегі мекеменің іргелес аумағында ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері Өскемен қаласының 50 жастағы азаматын ұстады. Азаматты ұстау барысында одан үш скотчпен оралған орама түйіншектер тәркіленген. Түйіншектерді ішінен алкогольдің иісі бар екі бөтелкеге құйылған сұйықтық, қуаттағыш құрылғысы бар смартфон, құлаққап және ойын карталары тәркіленді, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушысы Ермек Аймұқашев.
Аталған факті бойынша Ертіс және Согра полиция бөлімдерінің жедел тобы шақырылды. Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады