Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам жеке үйдің жертөлесінде марихуана өсірген

ШҚО-да ер адам жеке үйдің жертөлесінде марихуана өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жарма ауданының 34 жастағы тұрғынының жеке үйінде санкцияланған тінту жүргізді.

Нәтижесінде үйдің жертөлесінде «тыс көзден жасырылған» есірткі өсімдіктерінің плантациясы табылды. Үй иесі «марихуананы» арнайы құмыраларды  өсіріп, оларға мұқият күтім жасағаны белгілі болды. Жалпы салмағы жарты килограммнан асатын құрамында есірткі заты бар барлық өсімдіктер тәркіленіп, олар бойынша тиісті сот сараптамасы жүргізілді.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:

– Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес ұрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның санкциялары екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру