Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есірткі қойып кетуші ірі партиямен ұсталды

ШҚО-да есірткі қойып кетуші ірі партиямен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының басында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны 32 жастағы ер адамға есірткі сату фактісін анықтады. Сатып алушы полицейлерге салмағы 10,84 грамм тауарды берді, оны қаскөй 60 мың теңгеге сатқан екен.

Есірткі таратушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталған адамның үйін тінту кезінде гаражда пластикалық контейнер, мата байламы, сатуға дайын тұрған белгілі бір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты бар екі полимерлі пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысы табылған заттар жалпы салмағы шамамен 1 келі болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты екенін көрсетті.

Сондай-ақ, қаскөйдің көлігін тінту кезінде салмағы 10 грамнан асатын «кептірілген марихуана» түріндегі 4 полимерлік түйіншек табылды. Оларды одан әрі сату мақсатында заттар сақтағаны белгілі болды.

Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 6-дан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Нариман Кульдиков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру