Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

ШҚО-да есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 25 қыркүйектен 1 қазанға дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Іздестіру» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара аясында Үржар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 10 жылға жуық ресейлік құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 48 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ер адам 2013 жылдан бастап есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.Жұмыссыз қашқын Үржар ауданындағы туысының үйінде уақытша жасырынып жүрген.

– Іздестіру бастамашысына қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалғандықтан, ер адамнан жауап алынып, келуге міндеттелді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Республикалық операцияны жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 29 қылмыскерді анықтап, ұстады, сондай-ақ 16 хабар-ошарсыз кеткен, оның ішінде бес кәмелетке толмаған адамның орналасқан жерін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру