ШҚО-да кезекті есірткі «қойып кетуші» ұсталды
ШҚО-да кезекті есірткі «қойып кетуші» ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Полиция департаментінің арнайы бөлімшесімен бірлесе отырып, «Қарасора-2021″ республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында облыс орталығында психотроптық таратушы ұсталды.
– Облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жеңіл пайда табу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен өткізумен айналысқан, яғни қала аумағында «қойып кету» жолымен психотроптық заттарды таратқан.
Жеке тінту жүргізу кезінде ұсталған адамнан изолентамен оралған 40 орам синтетикалық есірткі табылды, бұл 250 бір реттік дозаға тең, – ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Ұсталған азамат үй қамағына алынды, аталған баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.