ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 1 мамырында Күршім аудандық полиция бөлімінің «102″ жедел арнасына патрульдік полиция инспекторынан жедел ақпарат келіп түсті. «Нерест-2021″ жедел алдын алу іс–шараларын өткізу барысында «Күршім – Барақ батыр» тас жолында ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Анықталғандай, рөлде Барақ батыр ауылының 27 жастағы тұрғыны масаң күйде отырғаны және жүргізуші бұрын автокөлік басқару құқығынан үш жылға айырылғандығы анықталды.
Патрульдік полиция инспекторлары автокөлікті тәркілеп алды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.