Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған азамат анықталды

Шығыс Қазақстан облысында колония жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан сарбаздары колонияға есірткі өткізуге бағытталған қауіпті әрекеттің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын ұрлық үшін сотталған 44 жастағы ер адам Өскемен тұрғыны марихуана салынған түйіншектерді дуалдан асырып лақтыру. Кейін ол колония маңындағы өзінің жүргенін "табиғи мұқтаждықпен" түсіндіруге тырысқан, алайда бақылау камераларындағы бейнежазба оның сөзіне қайшы келді.

Есірткі салынған түйіншектерді лақтырғаннан кейін, ер адам өз көлігі емес, басқа көлікке асығып кеткен. Сол сәтте оған колония қызметкерлері жақындап, олардың артынан ол мінген көлік те келіп жетті, бұл оның "кінәсіздігіне" соңғы нүкте қойды.

- Колония қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Біз режимді бұзуға тырысқандарға тыным бермейміз. Мұндай жағдайлардың жолын кесеміз, – деді ҚР ІІМ ҚАЖК №18 мекемесінің бастығы Қуаныш Қонжанов.

Ұстау кезінде өсімдік тектес ерекше иісі бар, скотчпен мықтап оралған үш түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама тәркіленген заттың салмағы 430 грамнан асатын кептірілген марихуана екенін, яғни 86 бір реттік дозаны құрайтынын растады.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру