ШҚО-да көршісі зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген
ШҚО-да көршісі зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында полицейлер облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны көршісінің сеніміне кіріп, оның атына алаяқтық жолымен несие рәсімдегенін анықтаған.
Зейнеткер смартфон арқылы несие алуға көмек сұрап қаскөйдің көмегіне жүгінген. Бірнеше операциядан кейін әйел адам зйнеткерге несие беруден бас тартылғаны туралы хабарлаған. Алайда, бір жарым жылдан кейін жәбірленуші оған несие мақұлданғанын білген.
Полицейлер 2022 жылдың наурыз айында көршісінің зейнеткердің атына тұрмыстық несие рәсімдегенін, ал 800 мың теңгеден астам суммаға сатып алынған техниканы күдіктінің үйіне жеткізгенін анықтаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.