ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ анықталды
Абай ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай АПБ қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
Топ үш ер адамнан тұратыны анықталды, олардың барлығы Абай ауданының тұрғындары болып шықты.
Полиция қызметкерлері 1975, 1981 және 1998 жылы туған ер адамдар 2020 жылдан бастап аудан тұрғынына тиесілі 14 бас жылқыны ұрлағанын анықтады. Шығын сомасы 5 млн. теңгені құрады.
Бұл ұрлық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ашылды, күдіктілердің бірінің қыстағын тексеру кезінде заттай дәлелдемелер – малдық терілері мен тұяқтары алынды.
Мал ұрлығы фактісі бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды және ол кінәлі деп танылған жағдайда оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
– Еркін мал жаюдан ұрлық фактілерін болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Облыс тұрғындары бақылаудың жоқтығы мал ұрлығына жақсы жағдай жасайтынын түсіну керек, қараусыз мал қылмыс жасауға ықпал ететін жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, жануарлар көбінесе жайылымнан жоғалады, оларды іздеу көп ресурстарды қажет етеді. Ал иесіз мал жолдағы автокөлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осылайша, 10 күн ішінде 33 қылмыс ашылды. 103 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды, оның ішінде жылқы – 51, ІҚМ – 38, 14 ұсақ мал.
«Айыппұл тұрағына» 2 115 бас иесіз мал қамалды. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 588 ауыл шаруашылығы жануарларының иесі (ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті халыққа жеке қосалқы шаруашылықтардағы малдың сақталуына бақылауды күшейтуді ескертеді, азаматтарды мүлкіне сақтықпен қарауға, жайылымдарда малды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңыз керек.