ШҚО-да маралды атқан браконьерлер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында маралды атқан браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шаралар барысында Көкпекті ауданының табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Толағай тауына жақын жерде Көкпекті ауылының 31 жастағы тұрғынының басқаруымен «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты.
Көлікті тексеру барысында салонда жабайы маралдың еті анықталды. Көлік салонында еттен басқа 7,62 мм калибрлі «Вепр-308″ карабині, 10 патроны бар магазин, екі маралдың мүйізі, пышақ пен балта тәркіленді.
– Тексеру барысында 31 жастағы ер адам досымен бірге оның қабан атуға рұқсаты болғандықтан, автокөлікке мініп Қалба жотасына жабайы қабан аулауға барғаны анықталды. Алайда жабайы қабан кездеспегендіктен олар келесі күні үйге қайтуға бел буған. Қайтар жолда оларға марал кездескен, маралды көрген олар маралдың соңынан еріп, оны атып алған. Оның өлгеніне көз жеткізгеннен кейін, көлікті марал жатқан жерге апарып, бөліп, етті тоғыз қапқа салып, көліктің жүк тасымалдайтын бөлігіне тиеген. Алайда, үйге қатар жолда полицейлердің қолына түскен, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
👍👍