ШҚО-да мереке қарсаңында балалар өрт сөндіруші мамандығымен танысты
ШҚО-да мереке қарсаңында балалар өрт сөндіруші мамандығымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі қарсаңында жас өскемендіктер ТЖ өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының мұражайына барды.
Экскурсия балалардың бойында ұжымшылдық пен патриотизм сезімін тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ өздерін бір сәт болса да батыр сезінуі үшін ұйымдастырылды.
Балалар құтқарушылар әлеміне саяхатты мұражайдан бастады, мұнда өрт сөндіру бөлімшелерінің құрылу тарихы, сөндіру әдістері, қорғау құралдары және қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.
Өрт сөндіру жабдықтары, құрал-саймандар мен киім-кешектер бүкіл Шығыс Қазақстан бойынша жиналғаны белгілі болды.
Экспозицияның арқасында облыстағы өрт сөндіру ісінің даму тарихын, өрт сөндіруге арналған жабдықтар мен құрал-саймандардың қалай өзгергенін байқауға болады. Онымен қоса ол қайда, қалай және қазір қолданылу қолданылмауы белгілі болды.
Балалардың назарын өзіне аударған, біздің заманымыз үшін ерекше, 1934 жылғы өрт сөндіру үшін арналған қол поршенді сорғы болды, оны Алтай қаласында өрт сөндірушілер тапты.
Экскурсияныңең қызықтысы құтқарушылардың жанындағы гаражда өтті, онда кез-келген уақытта шығуға дайын өрт сөндіру машиналары тұр.
Мамандар өрт сөндіру процесі қалай жүретіні туралы айтып қана қоймай, іс жүзінде олар дабылды естігенде, бір секундта техникаға түсіп, 25 секунд киінуге және тағы 15 көлікке жетуге жеткілікті екенін көрсетті. Сарбаздаға қарап, ондағы балалардың өз бетінше жауынгерлік киім-кешекті қанша уақытта кие алатындығын білуге ынтасы оянды.
Кездесу соңында өрт сөндірушілер кішкентай қонақтарға ересектердің қадағалауымен техникаға көтерілуге және барлығын өз қолдарымен ұстауға мүмкіндік берді.
Экскурсия соңында балалар қуанышқа бөленіп, өйткені күн сайын жауынгерлік киімді киіп көру, диспетчерлік бөлмеге бару, өрт сөндіру автомобилінің рульінде отыру және өрт кезіндегі тәртіп ережелерінің негіздерін меңгеру мүмкін емес.