ШҚО-да мерген-полицей анықталды
ШҚО полицейлері арасында жауынгерлік қарудан оқ атудан турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күнін мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ спорттың қызметтік-қолданбалы түрлерін дамыту мақсатында Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы «Динамо» ДШСҚ-мен бірлесіп, облыстың қалалары мен аудандарынан келген полицейлердің қатысуымен карантиндік шараларды сақтай отырып, спорттық іс-шара өткізді.
– Жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыстар ҚР ІІМ чемпионатына қатысу үшін үздіктерді іріктеу және анықтау мақсатында өткізіледі, – деп атап өтті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Мерхат Дюсупов.
Жарысқа 9 команда қатысты, олар: полиция департаментінің аппараты, Өскемен қ.ПБ, Ертіс, Үлбі, Сол жағалау полиция бөлімдері, ПД патрульдік полиция батальоны, Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальоны, сондай-ақ Ұлан және Глубокое полиция бөлімдері.
Полиция қызметкерлері жаттығудың үш түрі бойынша жарысты: ПМ Спорттық нысана бойынша статикалық ату, 25 метр қашықтық, ерлер мен әйелдер, сондай-ақ АК-74 ату, 100 метр қашықтық, ерлер.
Чемпионатты өткізу қорытындысы бойынша бірінші орынды ШҚО ПД аппаратының командасы, екінші орынды Өскемен қ.ПБ аппараты, үшінші орынды ШҚО ПД БПП иеленді.
Жеңімпаздар жеке және командалық есепте медальдармен, грамоталармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Динамо» ФСО бірінші орынбасары Ерлан Жұмаділовтың айтуынша, тәртіп сақшылары табельдік қаруды меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Мұндай жарыстар полицейлердің алдында тұрған міндеттерді шешуге және орындауға ықпал етеді. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау.