Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да Өзбекстанның 6 азаматы ел аумағынан шығарылды

ШҚО-да Өзбекстанның алты азаматы ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Шығыс Қазақстан облысының аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының мекенжайлары мен тұрғылықты жерлеріне, базарларына тексеру жүргізілуде.

Үржар ауданының Бақты ауылын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының алты азаматы анықталды, олар еңбек қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсатынсыз “көлік жуу” орнын салумен айналысты.

Аталған бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылдаушы тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру