Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да патрульдік полиция қызметкерлері жарақаттанған баланы ауруханаға жедел жеткізді

ШҚО-да патрульдік полиция қызметкерлері  жарақаттанған баланы ауруханаға жедел жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусымда ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қайсар Қырықбаев пен Қуаныш Маушанов «Шемонаиха-Өскемен» тас жолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдеттегідей қызметте жүрген. Бір кезде полицейлер қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті байқап қалады.Патрульдік көлікті көрген жүргізуші көлігін  тоқтатып, тәртіп сақшыларынан жарақат алған баласын тез арада аурухана жеткізуге көмектесулерін  сұрайды.Олар бірден қызметтік көліктеріне отырып, «ШҚО ана мен бала орталығына» қарай жүргізушіге жол бастайды. Полицейлер көмекке мұқтаж жүргізушінің жолына кедергі болмас үшін басқа да жол қозғалысына қатысушыларға дауыс зорайтқышпен ескертулер жасап отырған, өкінішке орай,  кейбір жүргізушілер мұны да елемеген.Құқық қорғаушылар көлікті ауруханаға жедел арада жеткізіп, нәтижесінде дәрігерлер балаға қажетті көмек көрсете бастаған.

– 17 маусымда ұлым велосипедтен құлап қалғандықтан, оны қалаға өзім  алып келдім. «Шемонаиха-Өскемен» жолында борт нөмірі «140» патрульдік экипажын көріп, олардан ауруханаға дейін жеткізуге көмек сұрадым, себебі, бала қатты ауырып тұрды, сол сәтте олар  менің жүру жолыма кедергі келтірмеулері үшін жолдағы көліктерге ескерту жасап отырды. Велосипедтен құлаған ұлымның миы жарақаттанып, жақ сүйегіне зақым келген. Қазір ол ауруханада емделуде, жағдайы тұрақты. Маған көмек көрсеткен жігіттерге үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деді Шемонаиха ауданы Зевакино ауылының тұрғыны Михаил Сизиков.

Бұл жағдайдың егжей-тегжейі кейінірек белгілі болды. Оқиға орын алған уақытта тәртіп сақшылары сегіз жасар баланың көмекке мұқтаж болғандығын, сол сәттегі жағдайдың қаншалықты ауыр екенін жақсы түсініп, қосымша сұрақтарға бір секунд та уақыт кетірмеді.

Аталған жағдай –  қиын сәтте адамдарғы көмек көрсетіп, жедел әрекет етудің көрсеткіші.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру