Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД бастығы республикалық маңызы бар тасжолдарды тексерді

ШҚО-да ПД бастығы республикалық маңызы бар тасжолдарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қараша күні ШҚО аумағында ауа райы күрт нашарлады. Жел күшейіп, қар жауып, көктайғақтың пайда болуы байқалды. Осыған байланысты облыстық және республикалық маңызы бар бірқатар тасжолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

Жағдайды бақылау және қызметтердің жұмысын үйлестіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жол учаскелеріне өзі барып қайтты.

Ерлан Омарбеков ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалысты жалғастыра алмай тұрған жүк көліктерінің жүргізушілерімен сөйлесті. Ол олардың жағдайын, күту кезінде ешқандай қиындықтың болмауын, басқа да мүмкіндіктердің бар-жоғын анықтап, қосымша көмек қажеттілігін сұрады.

Бірқатар азаматқа полиция қызметкерлері сол жерде тікелей көмек көрсетті – қар құрсауында қалған автомобильдерді шығаруға көмектесті.

— Облыстағы ауа райы жағдайы ерекше сақтықты талап етеді. Жүргізушілерден қауіпсіз жылдамдықты таңдауды, жол жағдайын ескеруді және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймын. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлаңыздар және өз өмірлеріңізді қатерге тікпеңіздер. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз – біздің басты міндетіміз, – деп атап өтті.

Жағдай тұрақталғаннан кейін бұрын жабылған жол учаскелеріндегі қозғалыс қалпына келтірілді. Полиция қызметкерлері көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, жүргізушілер өз бағыттары бойынша жолдарын жалғастырды.

ШҚО полиция департаменті күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда және жолда қиындықтар туындаған жағдайда азаматтар 102 нөміріне немесе жақын маңдағы патрульдік экипажға хабарласа алатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру