Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД бастығының жаңа орынбасарлары тағайындалды

ШҚО-да ПД бастығының жаңа орынбасарлары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен ШҚО ПД бастығының орынбасарлары лауазымына осыған дейін Абай облысының анықтау басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы және ШҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасын басқарған полиция подполковнигі Қарсақбаев Эльдар Ерғалиұлы тағайындалды.

Жаңа орынбасарларын жеке құрамға облыстың бас полицейі Ерлан Омарбеков таныстырды.

Қазбек Тақжанов Риддер қаласының тумасы, құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазақстан-Америка еркін университетін бітірген. Ол қызметтік жұмысын Солжағалау полиция бөлімінің анықтаушысы лауазымында бастаған, тергеу бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі 24 жылға жуық уақытты құрайды. Сонымен қатар Қ.Тақжанов тергеу және криминалистикалық бөлімшелерге жетекшілік ететін болады.

Эльдар Қарсақбаев құқық қорғау органдарында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ұлан ауданының тумасы. Шығыс гуманитарлық институтын бітірген. Қызметтік жолын жедел қамтамасыз ету орталығының инспекторы лауазымында бастаған.

Қарсақбаев ШҚО ПД ақпараттандыру және байланыспен қамтамасыз ету саласына жетекшілік ететін болады. Әріптестерін жеке құрамға таныстырған өңірдің бас полицейі оларға басқаратын бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру