Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

ШҚО-да ПД бастығының жаңа орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Тауфиков Рифхат Шафихович тағайындалды.

Бастықтың жаңа орынбасарын жеке құрамға ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков таныстырды. Рифхат Тауфиков құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысының тумасы. “Әділет” Жоғары құқық мектебін бітірген.

Қызметтік жұмысын ШҚО ІІД жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы болып бастаған. Қызмет еткен жылдары әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы, ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдан бастап Абай облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды. Ерлан Омарбеков жаңадан тағайындалған орынбасарға нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру