Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер 112 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады

ШҚО-да полицейлер 112 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы көші-қон қызметінің қызметкерлері  112 миллион теңгеден астам қарызын төлеуден ұзақ уақыт бойы жалтарып келген азаматты анықтады. Ақша бірлескен бизнес үшін танысынан қарызға алынып, бірақ ер адам оны қайтаруға асықпаған.

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаевтың айтуынша, борышкер жедел-іздестіру шараларының барысында Алматыда табылған. Қазіргі уақытта қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.

– Жыл басынан бері ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен 40-тан астам борышкер анықталды, – деп атап өтті Р.Шкибаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжаттардың орындалмағаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру