Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер 8 мыңнан астам жабайы өсетін қарасора бұтасын жойды

ШҚО-да полицейлер 8 мыңнан астам жабайы өсетін қарасора бұтасын жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында жабайы өсетін қарасора ошақтарын анықтау және жою мақсатында “Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлан және Зайсан аудандарында рейдтер жүргізді.

Аумақтарды тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен дрондар қолданылды. Бұл өз кезегінде іздестіру іс-шараларының тиімділігін айтарлықтай арттырып, қамтылатын аумақтың көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде 20 гектардан астам жерден 8 мыңнан астам жабайы қарасора бұтасы жойылды.

ШҚО полиция департаментінде атап өткендей, есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді және бұл бағыттағы шаралар жалғасын табады. Ол үшін заманауи технологиялар пайдаланылады және басқа да күштік құрылымдармен тығыз өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

Әрбір жойылған қарасора бұтасы – қоғам қауіпсіздігіне қосылған үлес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру