ШҚО-да полицейлер арасында шайбалы хоккейден алғашқы турнирдің ашылуы өтті
ШҚО-да ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы шайбалы хоккейден чемпионат алғаш рет өткізіліп отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ашылу салтанатында шайбаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Сайтбеков Айдар лақтырды.
ШҚО-ны қазақстандық хоккейдің отаны деп атауға болады. Өскемен қаласы мектебінің тәрбиеленушілері республиканың және басқа да мемлекеттердің көптеген командасында ойнайды. Сондықтан турнир өткізілетін орын бірден белгілі болды. Ойынға 3 ай бойы дайындық жүргізіліп, іріктеу турының нәтижесінде 8 команда бақ сынасатын болды:
“Барыс Астана” (Астана қалалық ПД), “Ертіс Павлодар” (Павлодар облысы ПД), “Көкшетау” (Ақмола облысы ПД), “Титан” (ШҚО ПД), “Жігіттер” (Қарағанды облысы ПД), “Қыран Қонаев” (Алматы облысы ПД), “Динамо” (Солтүстік Қазақстан облысы ПД), ҚР ІІМ МКҚБ (КҚБД).
Турнирді ұйымдастыруға жергілікті тәртіп сақшылары ерекше дайындалды. Қонақтарды қарсы алуда хордың сүйемелдеуі болса, фотозона және жанкүйерлердің эмоцияларын лезде суретке түсіретін фотобудка ұйымдастырылған. Жас жанкүйерлер де назардан тыс қалмай аниматорлар мен аквагрим шеберлерімен көңілдерін көтерді.
Тартысты ойын 27-28 наурызда болады. Жабылуы ертең сағат 12.00-де Б.Александров спорт сарайында өтеді.