ШҚО-да полицейлер балалар хоккей командасына жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті
ШҚО-да полиция "Торпедо" командасына жайлы сапар ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Өскемен — Семей тасжолында автобусқа жол салып, сапардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті.
https://youtube.com/shorts/Dumc0eI-7T4?feature=share
Автобуста 16 жастағы спортшылардан құралған "Торпедо" балалар хоккей командасы болды. Жас спортшылар республикалық жарысқа қатысу үшін Астана қаласына бет алған.
Тасжолда хоккейшілер көлік легіне тірелгенде, тәртіп сақшылары қозғалысты бақылауға алып, колоннаны Абай облысының шекарасына дейін қауіпсіз шығарып салды.
Полицейлердің бұл қадамы команданың қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа-райында қауіпсіз әрі кедергісіз жол жүруін қамтамасыз етті.
