Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер бұрын істі болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуде

ШҚО-да полицейлер бұрын істі болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қолдауға және бейімдеуге бағытталған "Жаңа жол" профилактикалық акциясы өтіп жатыр.

Шараның басты мақсаты – бостандыққа шыққан азаматтарға жаңа өмір бастауға, қоғамға қайта оралуға және заң бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге көмектесу.

Полицейлер жұмыспен қамту, медициналық және психологиялық қолдау мәселелерін қарастырып жатыр. Жұмыс берушілермен және медицина мамандарымен бірлесіп, қажет құжаттарды рәсімдеуге, тексеруден өтуге және кеңес алуға жәрдемдеседі.

Сондай бір әлеуметтік көмек Шемонаиха ауданындағы учаскелік полицей Болат Мусин бұрын сотталған азаматқа сантехник болып жұмысқа орналасуға көмектескен. Тәртіп сақшысы ер адаммен тұрақты байланыста болып, оның бейімделуіне жәрдемдесіп, түзелу жолында нық қадам басуына қолдау көрсетіп жүр.

Болат Мусиннің айтуынша, мұндай жұмыс тек акция аясында ғана емес, жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бері Шемонаиха ауданында учаскелік инспекторлардың қолдауымен түзеу мекемесінен оралған үш азамат жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары профилактикалық әңгімелер өткізіп, алкоголь мен психобелсенді заттардың зиянын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың және өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызын еске салады.

ШҚО полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаевтың айтуынша, "Жаңа жол" акциясы барысында полицейлер профилактикалық есепте тұрған азаматтарға да қолдау көрсетуде.

Акция басталғалы олардың бейімделу процесін бақылауға 37 полиция қызметкері, соның ішінде басшылық құрам өкілдері жұмылдырылған. Яғни бұрын сотталған азаматтарға тұрмыстарын реттеуге, жұмыс табуға және қалыпты өмірге алғашқы қадам жасауға көмектеседі.

Біздің басты мақсатымыз – тек бақылау емес, адамға өзін қоғамға қажет әрі жаңа өмір сүруге қабілетті екенін сезіндіру, – деп атап өтті Орал Рыспаев.

"Жаңа жол" акциясы көптеген азаматтар үшін өмірді жаңадан бастауға нақты мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру