Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер ерекше балаларға керемет көңіл-күй сыйлады

ШҚО-да полицейлер ерекше балаларға керемет көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Асыл Мирас” аутизмі бар балаларды қолдау орталығы өзінің айтулы мерекесін атап өтті. Орталық осыдан 8 жыл бұрын ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің өмірде өз жолын табуға көмектесу мақсатында есігін айқара ашқан болатын. Осы орайда ШҚО ПД кадр басқармасының қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Манапов атаулы мерекемен арнайы келіп құттықтады.

Шараны ашқан ПД бастығының орынбасары ерекше балаларды қолдауға қосқан үлестері үшін орталық ұжымына алғыс айтып, директорға алғысхат табыс етті.

– Сіздер ерекше балалардың дамуына жағдай жасауда үлкен жұмыс атқарудасыздар. “Асыл Мирас” орталығының ұжымына балалар мен олардың ата-аналарына баға жетпес қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ олардың өмірлік дағдыларын дамытуға қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдіремін. Сіздерге алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін!, – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Орталық директоры Динара Дюсембинова ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековке орталықтың жұмысына белсене атсалысқаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ол мұндай қолдау аутизм спектрі бар балалар үшін өте маңызды екенін және олардың өздерін сенімді сезінуіне көмектесетінін атап өтті.

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту және қолмен жұмыс істеу өте маңызды екенін түсінген полиция қызметкерлері оларға сыйлық ретінде – қыш өнерінен шеберлік сабағын дайындады.

– Балшықпен жұмыс жасау – даму үшін тамаша мүмкіндік. Мұнда моторикадан бөлек, шығармашылық пен көркемдік талғам да дамиды, – деп атап өтті шебер.

Одан кейін ШҚО полиция департаментінің инспектор-психологтары балалардың қауіпсіздік және эмоционалдық өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға, өзіне деген сенімділігін нығайтуға көмектесетін сурет салу арт-терапиясын өткізді.
Сонымен қатар бүгін “Ақжол” жасағының жас инспекторлары реттеушінің көмегімен жаңа достарына білімдерін бекітуге көмектесіп, негізгі жол жүру қағидаларын көрсетті.

Іс-шара балаларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлап, жарқын әсер қалдырып, өмірде ең басты құндылық – әрбір баланың бақыты мен амандығы екенін ұмытпауға ықпал жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру