Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер мен құтқарушылар орманда адасып кеткен қартты іздеп тапты

ШҚО-да полицейлер мен құтқарушылар орманда адасып кеткен 71 жастағы саңырауқұлақ терушіні тапты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйекке қараған түні Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1953 жылғы әйелдің хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Әйел адам саңырауқұлақ теріп жүріп, Ұлан ауданы Белая гора ауылының шетінде адасып кеткен екен.

Дереу оқиға орнына жедел тергеу тобы, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары Қабдуалиев Тимур мен Рамазанов Олжас жіберілді. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен орман шаруашылығының жұмысшылары да қосылды.

Іздеу шараларының тиімділігін арттыру үшін топтарға бөлініп, арнайы құрал — жылуіздегіш қолданылды. Бұл жоғалған азаматшаны тезірек табуға мүмкіндік берді. Үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде саңырауқұлақ теруші Белая гора ауылының шетіне жақын орналасқан Көк-Терек аумағынан табылды.

Әйел адамның жоғалған жері анықталған соң, ол аман-есен үйіне жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Полиция мен ТЖ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді жұмысы жоғалған азаматшаны қысқа мерзімде тауып, болуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру