Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер оқушыларға профилактикалық тренинг ұйымдастырды

ШҚО-да полицейлер оқушыларға профилактикалық тренинг ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл" акциясы аясында ШҚО полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы мен отбасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімнің қызметкерлері облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мектеп оқушыларына профилактикалық тренинг және дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кездесу форматы барынша ашық болды. Лекция, интерактив және "сұрақ–жауап" блоктары өткізілді.

Оқушылар алғашқы минуттан белсенді қатысып, қиын жағдайда қалай әрекет етуге, көмекке қайда жүгінуге және өздерін немесе достарын қалай қорғауға болатынын сұрады.

Полицейлер қарапайым әрі түсінікті тілмен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың не екенін, қауіпті жағдайды қалай тануға болатынын және мәселені жалғыз шешпеу үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсіндірді.

Кездесудің соңында полицейлер жасөспірімдердің өз құқықтарын білуі, сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатуды үйренуі және алаңдататын нәрселер туралы айтуға қорықпауы маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру