Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер орман алқаптарын тікұшақтың көмегімен жоғарыдан бақылайды

Шығыс Қазақстан полицейлері орман алқаптарын тікұшақтың көмегімен жоғарыдан бақылайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейін елімізде «Шырша» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шараның басты мақсаты – жас қылқанжапырақты ағаштарды заңсыз кесу мен сатудың алдын алу, табиғат байлығын қорғау.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында арнайы мобильді топтар құрылып, олар орман шаруашылығы аумақтық инспекциясымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Жергілікті орман алқаптарында бақылау жұмыстары күшейтілсе, әуе бақылауы тікұшақтардың көмегімен жүзеге асырып жатыр.

Шара басталғалы 20-дан астам құқық бұзушылық анықталды. Полицейлер азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарап, заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Егер ағаштарды заңсыз кесу салдарынан келтірілген шығын мөлшері 50 АЕК-тен төмен болса, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ал шығын мөлшері 50 АЕК-тен асқан жағдайда, әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

 

Құқық қорғау органдары тұрғындарды табиғат байлығына қамқорлық танытып, орман алқаптарын қорғауға атсалысуға шақырады. Әрбір азаматтың табиғатқа деген құрметі – елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі. «Шырша» шарасы арқылы табиғатты қорғау жұмыстары одан әрі жандана түсетініне сенім мол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру