Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер отбасында дүниеге келген қос егіз жұп бірінші сыныпқа барады

ШҚО-да полицейлер отбасында дүниеге келген қос егіз жұп бірінші сыныпқа барады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция сержанты Балауса Зарлыққанованың отбасында зор мереке. Егіз ұлдары Еділ мен Жайық мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр.

Сырттай қарағанда ұлдар өте ұқсас, бірақ табиғаты әртүрлі және ерік-жігерімен ерекшеленеді. Екеуі де болашақта кім болатынын шешіп қойған: Еділ өрт сөндірушісі, ал Жайық— әскери адам болғысы келеді.

– Мен 44 мектептің 1-сыныбына барамын. Күн сайын дайындаламын, кешке кітап оқимын, – дейді Еділ.

Шығысқазақстандық тағы бір полицейдің Сара мен Зере атты егіз қызы да алғаш рет мектеп партасына отырады. Олардың анасы полиция майоры Меруерт Акатаева Өскемен қалалық ПБ көші-қон қызметінде жұмыс істейді.

Қыздар әдеттегідей қуаныш пен толқу сезімін сыйлайтын алғашқы қоңырауды ерекше күтуде.

Полиция департаментінің басшылығы егіздердің ата-аналарын олар үшін маңызды оқиғада қолдады. Болашақ оқушылар барлық қажетті оқу құралдарымен жабдықталған жаңа, заманауи және ыңғайлы рюкзактармен марапатталды.

– Менің қыздарым Сара мен Зере биыл бірінші сыныпқа барады. Полиция департаментінің бастығы Ерлан Болатұлына көмек көрсеткені үшін өте ризамын, – деді Меруерт Акатаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру