Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер тіркеуде тұрған адамдарды бақылау үшін электронды білезіктерді қолдануда

ШҚО-да полицейлер тіркеуде тұрған адамдарды бақылау үшін электронды білезіктерді қолдануда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Үлбі ПБ жергілікті полиция қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған тұлғаларға  электронды білезіктерді қолдана бастады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот қаулысымен сотталғандарға белгілі бір орындарға баруға, түнде үйінен шығуға, ішкі істер органдарына хабарламастан тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салу сияқты шектеулер белгіленуі мүмкін.

Электрондық білезіктер учаскелік полиция қызметкерлеріне сотталғандардың белгіленген талаптарды сақтауын нақты уақыт режимінде де, өткен кезеңді де бақылауға мүмкіндік береді.

Полицейлер қажетті ақпаратқа компьютердегі жеке кабинеті арқылы қол жеткізе алады.

Сотталған адам белгіленген шектеулерді бұзса немесе білезікті зақымдауға әрекеттенсе, дереу дабыл беріледі.

Қашықтықтан бақылау жүйелерін қолдану қайталанатын құқық бұзушылық қаупін азайтуға және жергілікті полиция қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру