Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізді

"Заң мен Тәртіп" идеологиясы аясында Ақсуат ауданында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамда "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру  мақсатында Абай облысы Ақсуат ауылындағы колледжде ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – құқықтық сананы нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуге Абай облысы полиция департаментінің, Семей қаласының наркологиялық қызметінің және облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдері қатысты. Шара барысында құқық бұзушылықтардың, алкоголь мен психобелсенді заттарды пайдаланудың және лудоманияның алдын алу мәселелері көтерілді.

Мамандар мұндай құбылыстардың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы айтып, дер кезінде көмекке жүгінудің маңызын атап өтті. Кәмелетке толмағандарды теріс ықпалдардан қорғау, интернеттегі қауіпсіздік, сондай-ақ жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың алдыН алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өзекті сұрақтар қойып, құзыретті органдар мен қызмет өкілдерінен білікті жауаптар алды.

Кездесу соңында қатысушыларға кеңес беру және алдын алу көмегін көрсететін қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды. Мұндай іс-шаралар халық пен полиция арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған "Заң мен Тәртіп" идеологиясының негізгі қағидаттарын іске асыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру