Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер тұрғынның өмірін сақтап қалды

Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, ПА Сұңқар-1 экипажының полиция лейтенанттары Мадияр Серікболов пен Айхат Әміртай кәсібилікпен жедел әрекет етіп, адам өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнде полицияға әйел адам хабарласып, күйеуі пәтерде құлыптанып, өзіне зиян келтіруі мүмкін екенін айтқан.

Полицейлер шұғыл түрде шақырту орнына бірнеше минут ішінде жетіп, жедел әрекет етіп, пәтер есігін ашқан. Осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды.

Ер адамға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Анықталғандай, азамат отбасындағы жанжалдан кейін осындай әрекетке баруға бел буған. Қазіргі уақытта оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру