Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер зергерлік бұйым ұрлығын әшкереледі

ШҚО-да полицейлер зергерлік бұйым ұрлығын тергеуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан зергерлік дүкенде қымбат бағалы алтын жүзік ұрланды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жасы шамамен 40–50 аралығындағы еуропалық сырт келбеттегі белгісіз ер адам мен әйел өздерін неке жүзігін сатып алушылар ретінде таныстырып, сатушының сеніміне кірген. Әйел адам әшекейді тағып көріп жатқан сәтте ер адам дүкеннен шығып кеткен, ал көп ұзамай әйел де белгісіз бағытқа бет алған.

Араға аз уақыт салып, дүкен қызметкерлері құны 200 мың теңгеден асатын алтын жүзіктің сырттай түпнұсқаға ұқсас бижутерияға алмастырылғанын анықтаған. Бұл дерек бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру барысында расталды — бейнежазбада әшекей бұйымның ауыстырылған сәті анық көрінеді.

Аталған факті бойынша Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру