Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер жазғы дөңгелектермен жүрген 34 көлік иесін анықтаған

ШҚО полицейлері 4 күн ішінде жазғы шиналарын ауыстырмаған ондаған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсанынан бастап көлік жүргізушілерін қысқы шиналарды қолдануға міндеттейтін жаңа ережелер күшіне енді. Алайда барлық жүргізушілер аталған талаптарды сақтамай, өздерінің және жол қозғалысының басқа қатысушыларының да өмірін қатерге тігуде.

Желтоқсанның алғашқы төрт күнінде Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жазғы дөңгелектермен жүрген 34 көлік иесін анықтаған. Бұзушылықтардың біреуі қысқы шиналармен жабдықталмаған автокөлігімен, кәмелетке толмаған балаларды алып жүрген әйел адам болған. Барлық заң бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция қызметкерлері қысқы шиналарды қолдану – бұл тек заң талабы ғана емес, өміріңізді сақтап қалудың маңызды шарасы екенін ескертеді!

Өздеріңізді және жақындарыңызды қауіп-қатерге тікпеңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру