Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында қыс мезгілі өз сынағын жалғастыруда. 6 қаңтар күні кешкі уақытта Ұлан ауданының кезекші бөліміне Бетқұдық ауылы маңында екі автокөліктің қалың қарда тұрып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

https://youtu.be/_TdUt49DKfU?si=RUvP8LYkhxSt_sIu

Жағдай жедел әрекет етуді талап етті. Кезекшінің көмекшісі Ернар Қалиев барлық қызметтердің іс-қимылын шұғыл үйлестіріп, ақпаратты оқиға орнына ең жақын жүрген полиция қызметкерлеріне дереу жеткізді. Көмекке Таврия ауылдық округінің учаскелік инспекторы Алексей Сергеевич және Каменка ауылдық округінің учаскелік инспекторы Дәурен Байтиков жұмылдырылды.

Арнайы техниканың көмегімен қар үйінділерін бұзып өтіп, полицейлер қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге дер кезінде жетті. Қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде екі автокөлік те қар құрсауынан аман-есен шығарылды.

Қауіпсіз жерге жеткен жүргізушілер қиын сәтте жеделдік пен адамгершілік танытқан полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыстарын білдірді.

Полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жол қателікті кешірмейді. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болып, ауа райы қолайсыз, боранды күндері алыс жолға шығудан барынша бас тартқан жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру