Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

ШҚО-да полицейлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы С.Мадиев пен облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.Жалмағамбеттің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында қабылданып жатқан шаралар қаралып, ШҚО Жол полициясы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсынымы талқыланды.

Кеңестің бейне-селектор режимінде өткізілуі облыстық аппарат қызметтерінің барлық басшыларының, аудандық басқармалар мен бөлімдердің бастықтары мен жеке құрамының қатысуына мүмкіндік берді.

Полиция департаментінің бастығы С.Мадиев өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері Департамент басшылығының қатаң бақылауында екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың және басқа да заңдылықты бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерімен тұрақты негізде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Сонымен қатар, кеңес барысында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде ұсынымы талқыланды. Атап айтқанда, 2019 жылы және ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде облыстың ішкі істер органдарының атына қылмыстық құқықбұзушылық және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша 52 ұсыным енгізілді. Оларды қарау нәтижелері бойынша 43 қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың көпшілігін әкімшілік полиция, жедел-тергеу қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері жасаған. Олар негізінен қылмыстық істерді заңсыз тоқтатқаны, әкімшілік жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алумен байланысты.

«Барлықтарыңызды өз борыштарыңызды адал орындауға, заңсыздықтарға жол бермеуге шақырамын. Мұның бәрі ерте ме, кеш пе белгілі болады. Сонда құқықтық салдары болады», – деп атап өтті Е.Жалмағамбет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру