ШҚО-да полиция 14 жыл жасырынып жүрген алаяқты ұстады
ШҚО-да полиция 14 жыл жасырынып жүрген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі 2025 жылдың алғашқы айында бес қылмыскерді ұстаған, олардың екеуі бұрынғы жылдары жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған.
Қылмыскерлердің бірі – алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 32 жастағы әйел. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып, Алматы қаласынан табылды. Қазіргі уақытта сол қаладағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары заңнан жасырынған тұлғалардың орналасқан жерін анықтау бойынша белсенді жұмыс жасауды жалғастырып жатыр. Қылмыстың өтеуі — жаза.