Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция бопсалау фактісі бойынша күдіктіні қолға түсірді

ШҚО-да полиция бопсалау фактісі бойынша күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының оқу орындарының бірінде екі студент жәбірленуші болған бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 19 жастағы азамат бірнеше ай бойы олардан ірі көлемде ақша талап еткен, тіпті микронесиелер мен кредиттер алуға мәжбүрлеген. Осы уақыт ішінде жәбірленушілер оған жалпы сомасы шамамен 1 миллион теңге қаражат берген.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, ықтимал куәгерлерді анықтау және жиналған материалдарды талдау бойынша кешенді шаралар жүргізуде.

Қазіргі уақытта сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Полиция департаменті бопсалау – ауыр қылмыс екенін ескертеді. Егер сіз осындай заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру