Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция департаменті заманауи технологияларды қауіпсіздік қызметіне енгізуде

ШҚО-да полиция департаменті заманауи технологияларды қауіпсіздік қызметіне енгізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде 2025 жылғы қызмет қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Іс-шараға ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев қатысты.

Кеңес барысында атқарылған жұмыстың нәтижесі шығарылып, оң көрсеткіштер мен өзекті мәселелер талқыланды.

2026 жылдың "Цифрландыру және жасанды интеллект" жылы болып жариялануына байланысты ішкі істер органдарында цифрландыруды дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл полиция қызметіне заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендеп, аса ауыр қылмыстардың ашылуы жақсарды.

2025 жылдың басынан бері 1000-нан астам еңбек ұжымында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында облыс тұрғындары кешенді түрде қамтылды. "Кибертрон" жобасы бойынша 350-ден астам оқытушы мен 10 000-нан аса жоғары оқу орындарының студенті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша оқытудан өтті.

Жол қауіпсіздігі саласында ауыр салдары бар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға басымдық берілді. Қауіпті жол учаскелері жабылып, патрульдеу бағыттары қайта қаралды. Жаяу жүргіншілерді қағып кету деректерін азайту мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда және білім беру ұйымдарының маңында қолмен реттеу енгізіліп, макеттер орнатылды.

Балалардың құқықтарын қорғауға, профилактикалық жұмысқа және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, соның ішінде елдімекен тұрғындарымен, ақсақалдармен өзара іс-қимылға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру