Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция ер адамнан марихуана мен гашиш тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысында ер адамнан 8 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен және кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп көршілес облыстың 40 жастағы тұрғынын ұстаған.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы, сондай-ақ іргелес аумағы мен шаруашылық құрылыс нысанында жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 8 келіден асатын кептірілген марихуана, гашиш және құрамында каннабистің психоактивті компоненті бар есірткі заттары тәркіленген. Бұл шамамен 1600 бір реттік дозаға тең екені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ескертеді: Қазақстан Республикасы аумағында есірткі заттарын сақтау, тарату және өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды заңсыз есірткі айналымына қатысты кез келген ақпарат туралы "102" телефоны немесе "102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру