ШҚО-да полиция мас күйде мотоцикл басқарған азаматты ұстады
ШҚО-да полиция мас күйде мотоцикл басқарған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үлкен Нарын ауылында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде мотоцикл тізгіндеген жүргізушіні тоқтатқан. Сондай-ақ тексеру нәтижесінде 20 жастағы азаматтың көлік жүргізу куәлігінің жоқ екені анықталды.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде масаң күйде көлік жүргізгені үшін 75 әкімшілік хаттама толтырылған.