ШҚО-да полиция мен медицина қызметкерлері жүргізушілерге арнап профилактикалық акция өткізді
ШҚО-да полиция мен медицина қызметкерлері жүргізушілерге арнап профилактикалық акция өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері медицина мамандарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау мен жүргізушілердің денсаулығын бақылаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара барысында автокөлік жүргізушілеріне қауіпсіздіктің негізгі қағидалары түсіндіріліп, артериялық қысымдары өлшенді. Сонымен қатар жол үстінде жақсы хал-жағдайды сақтау жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай шаралар ықтимал қауіп-қатердің алдын алып, жолдағы төтенше жағдайлардың азаюына ықпал етеді.
Полицейлер барлық көлік жүргізушілеріне үндеу жасайды: рөлге отырмас бұрын денсаулығыңызды тексеріңіз және барынша мұқият болыңыз. Жол үстінде телефон қолданудан, жолаушылармен алаңдататын әңгімелерден бас тартыңыз. Қарапайым ережелерді қатаң сақтау – өзіңіздің ғана емес, айналаңыздағы жолаушылардың да қауіпсіздігінің кепілі.