Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция қызметкері куәліксіз жүрген ауыл тұрғынына көмектесті

ШҚО-да полицей 15 жыл жеке куәліксіз жүрген ауыл тұрғынына құжатын қалпына келтіруге көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Саратов ауылдық округінде учаскелік инспектор тұрғынның жеке құжатын қалпына келтіріп, оған елеулі көмек көрсетті.

Учаскелік инспектор Әсет Ескендіров профилактикалық жұмыс барысында жергілікті тұрғынның 15 жыл бойы жеке куәліксіз жүргенін анықтаған. Ер адамның айтуынша, ол 2010 жылы құжатын жоғалтқан, содан бері қайта рәсімдетпеген.

Полиция қызметкері азаматқа қажетті құжаттарды жинауға жәрдемдесіп, Қасым Қайсенов кентіне бірге барып, барлық қажетті өтініштер мен формулярларды толтыруға көмектесті. Содан кейін оны Халыққа қызмет көрсету орталығына өзі ертіп апарып, рәсімдеу процесінің толық аяқталуына дейін қолдау көрсетті.

Нәтижесінде 8 желтоқсан күні ауыл тұрғыны жаңа жеке куәлігін қолына алды.

Бұл оқиға — адамгершілік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі, сонымен бірге полиция қызметінің тек ресми міндеттермен шектелмей, халыққа нақты көмек көрсететін маңызды әлеуметтік институт екенін дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру