Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция талабына бағынбаған жүргізуші жауапқа тартылды

ШҚО-да полиция талабына бағынбаған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпанда сағат 19:30 шамасында Өскемен – Алтай автожолында Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қозғалысқа шектеу қойылған бекеттен тоқтамай өтіп кеткен.

Аталған учаскеде қозғалысты шектеу туралы шешім кездейсоқ қабылданбайды. Мұндай шаралар ауа райының күрт нашарлауы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында енгізіледі. Полиция қызметкерлерінің талаптарын елемеу жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының өзге қатысушыларына да елеулі қауіп төндіреді.

Оқиға бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті әрбір қойылған бекет пен енгізілген шектеу — жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды алдын алу шарасы екенін еске салады.

Жолдағы қауіпсіздік — әр жүргізушінің тәртібі мен жауапкершілігінен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру