ШҚО-да полиция жаңа оқу жылы қарсаңында көліктерді тексерді
ШҚО-да полиция жаңа оқу жылы қарсаңында көліктерді тексерді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа оқу жылының басталуына орай Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті күнделікті оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін мектеп автобустарының техникалық жай-күйіне кешенді тексеріс жүргізді.
Тәртіп сақшылары ең алдымен қауіпсіздік белдіктерінің бар-жоғына, есіктер мен терезелердің дұрыстығына, “жолаушы–жүргізуші” байланыс құрылғыларының жарамдылығына, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қобдишалары мен өрт сөндіргіштердің толық болуына баса назар аударды.
Өңір бойынша барлығы 127 мектеп автобусы тексеріліп, олардың көмегімен күн сайын 4 500-ден астам оқушы білім ордаларына жеткізіледі.
ШҚО полиция департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл бақылау шаралары оқу жылы бойына тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.