ШҚО-да притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды
ШҚО-да притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Интимдік қызмет көрсететін бойжеткендер ұйымдастырушыға түскен соманың 50%-ын беріп отырған.
Жедел-іздестіру іс шараларын өткізу барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырған және ұстаған деген күдікпен Өскемен қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстаған.
Оның тыйым салынған электрондық сайтта қыздардың ер адамдарға интимдік қызмет көрсету туралы сауалнамалар орналастырғаны анықталды. Жеңгетай барлық тапсырыстарды өзі қабылдаған, клиенттерді жалдамалы пәтерлердегі бос қыздарға жіберген. Қыздар әр мәміледен кейін түскен ақшаның 50%-ын беріп отырған.
ШҚО ПД ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.