Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да психологтар ҚАЖ қызметкерлеріне онлайн-семинар өткізді

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ қызметкерлеріне арнайы семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семинардың басты мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің арасындағы отбасылық және тұрмыстық мәселелердің алдын алу.

– Талдау көрсеткендей, қызметкерлер көбінесе қызметтің алғашқы жылдарында қиындықтарға тап болады. Бұл кезең бейімделу деп аталуы кездейсоқ емес. Пенитенциарлық жүйедегі қызмет психологиялық және физикалық тұрғыдан қиын, ол жұмыс уақытының реттелмеуімен, жиі күйзеліспен байланысты. Пенитенциарлық жүйенің жас қызметкерлері жұмысқа, командаға кіруді жеңілдететін психологиялық әдістерді меңгеруі тиіс, – деп түсіндірді отбасылық психотерапевт Лариса Тыцких.

Кездесудің маңызды бөлігінде командалық рухты нығайтуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, қиындықтармен бөлісуге және қажет болған жағдайда көмек алу қажеттілігін жасырмауға арналған жаттығулар болды.

Қатысушыларға релаксация әдістері, жағымды эмоцияларды бейімдеу үйретілді.

– Барлығы өзіне қандай жауапкершілік жүктелгенін және бүгінгі күні қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қандай талаптар қойылатынын білуі керек. Алынған білім кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектесетініне сенімдімін, жақындарыңыздың, достарыңыздың және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі осыған байланысты болатынын ұмытпаңыз, – деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жеке құрам жөніндегі психологы Мархабат Нұрмұхамбетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру