Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қаруланған ер адам есірткіні тасымалдаған

ШҚО-да қаруланған есірткіні тасымалдаушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткіні сақтады деген күдікпен Глубокое ауданының 27 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстады. Кідіріссіз жеке тінту барысында оның шалбарының оң қалтасында жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір қағаз түйіншек табылды, сондай-ақ оның көлігін тінту кезінде алдыңғы орындықта рюкзак жатқан, оның ішінде пластик ыдысқа салынған жасыл түсті өсімдік тектес заты бар 40 полимерлі пакет болған. Сонымен қатар жүргізуші орындығының астынан бір патроны бар травматикалық тапаншаға ұқсас зат табылды.

Сарапшының қорытындыға сәйкес, жалпы салмағы 37,67 грамм тәркіленген зат «кептірілген марихуана» болып табылады. Сондай-ақ, сарапшылар табылған және тәркіленген зат калибрі 18*45 мм ОСА кешенінің ПБ-4-1 моделі, белсенді өзін-өзі қорғауға арналған оқпансыз атыс қаруы екенін растады. 18*45 мм калибрлі патрон зауыттық әдіспен жасалған және ату үшін жарамды екенін көрсетті.

 -Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру